Вопросы и ответы

Вопрос: Сәлеметсізбе Керімбек Жаншабайұлы! ҚР Еңбек кодексінің 56-бабының 1-тармағына байланысты. Қызметкер жұмыстан босату туралы өтінішін 18 ақпан 2020 жылы жазды (өз еркіммен 02 наурыздан бастап босату туралы). Басшы отработка месяц деп отыр. отработканың күні қай күннен бастап жүреді??? 18 ақпан өтініш жазып ескерткен күннен ба? 02 наурыздан ба?

Ответ: «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БОЙЫНША
БАСҚАРМАСЫ»
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 48. тел./факс:8(7282)24-48-96, эл. адрес: enbek@zhetisu.gov.kz
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«УПРАВЛЕНИЕ ПО
ИНСПЕКЦИИ ТРУДА
АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ»


040000, Алматинская область, город Талдыкорган,
ул. Кабанбай батыра, 48, тел./факс: 8 (7282) 24-48-96,
эл.адрес: enbek@zhetisu.gov.kz

________________№_____________
_______________________________

А. Муканжановаға
akerke_otdel_kadr@mail.ru8-777-692-52-54

Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы (бұдан әрі - Басқарма), Сіздің 2020 жылдың 24 ақпанында жолдаған сауалыңызға келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабы, 1-тармағына сәйкес, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі.
Кодекстің 22-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес, жұмыскердің Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға құқығы бар.
Кодекстің 1-бабы, 1-тармағы, 81)тармақшасына сәйкес, хабарлама деп жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініштер. Жұмыстан босату туралы өтінішті жұмыскер ерікті нысанда рәсімдейді.
Яғни, Сіздің жағдайыңыз бойынша, жазбаша хабарлама болып, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар еткен күні - 2020 жылдың 18 ақпаннан бастау алады.
Кодекстің 113-бабының 1-тармағына сәйкес – Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Аталған еңбек талаптары бұзылған жағдайда, Сіз, Басқармаға шағым жасауға құқылысыз.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 14-бабының 6-тармағына сәйкес, осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасауға құқылысыз.

Басқарма басшысы Т.Бектасов

 Е. Дәулетұлы.
 8 (7282) 24-09-56



Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.